Бұл туралы Polizia.kz телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17 сәуір Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Завоводская көшесінде 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Accent автокөлігін тоқтатты.
Көлікте жолаушы болды. Күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту барысында 1,5 кг астам “синтетика“ тәркіленді. ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдіктілер ҚПК 128-бабының талаптарына сәйкес, УҰИ-ға қамалды. ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге, 297-бабының 1-бөлігімен мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.