Ақтөбеде карантин талаптарын бұзғандарға 53 млн теңге айыппұл салынды

4 Қыркүйек 2020, 00:44
1173
Бөлісу:
Ақтөбеде карантин талаптарын бұзғандарға 53 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мобильді топтар мен жергілікті полиция қызметкерлері Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қабылдаған қаулының орындалуын бақылады. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, 476 хаттама толтырылып, 53 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тіркелген фактінің 23,5%-ында кәсіпкерлер жұмыс уақытын ескермеді, шектеу талабын сақтамады. Бетперде тақпайтындар мен әлеуметтік арақашықтықты сақтамайтындар да бар. Дене қызуын өлшемей, қызметкерлерді жұмысқа жібереді, жұмыс істеуге рұқсаты жоқ нысан иелері қызмет көрсетеді. Ал тұрғындар той, қыз ұзату салтанатын әлі де өткізіп жатыр. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарын коронавирус инфекциясының алдын алу үшін мерекелік шараларды, той, отбасылық жиынды тоқтата тұруға кеңес береді, - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Айсәуле Оралбаева.
Еске сала кетсек, өңір бойынша соңғы тәулікте 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Оның біреуі симптомсыз. Вирус жұқтырғандардың бірі – 82 жастағы қария, екіншісі – 56 жастағы ер адам.

Облыста жалпы 3221 адамнан вирус анықталды. Оның 93,4%-ы жазылды.

Өзгелердің жаңалығы