Ақтөбеде Ережеп айының құрметіне ауызашар берілді

6 Ақпан 2022, 16:55
1887
Бөлісу:
Ақтөбеде Ережеп айының құрметіне ауызашар берілді

Алматы, BAQ.KZ. Қасиетті Ережеп айының алғашқы күнінде Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жамағатқа ауызашар берілді. 

Бұл туралы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен қалалық орталық мешіттің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Алла Тағала ұлықтаған мүбәрак айлардың маңызына тоқталып, «Ислам – ынтымақ және бірлік» діні» және «Ақыретке дайындық» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Ақтөбеде Ережеп айының құрметіне ауызашар берілді

Сонымен қатар Рамазан айына рухани дайындық негізінде ізгі амалдарды арттырып, рухани кемелденуге күш салу қажеттігі туралы айтылды.

Одан өзге Ережеп айындағы нәпіл ораза ұстаудың қаншалықты сауапқа кенелтетіндігін, қасиетті айлардың мән-мағынасы мен қадірін ұғыну қажеттігі түсіндірілді.
Уағыз-насихат соңында тақырып төңірегінде жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Алдағы уақытта әр апта сайын нәпіл ораза ұстаушыларға ауызашар дастарханын жаю жоспарлануда.
 

Өзгелердің жаңалығы