Ақтөбе полицейлері жол апаты болған жерден бой тасалаған автокөлік жүргізушісін бес күннен кейін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 29 қыркүйекте болған. Кешкі сағат 22:00 шамасында белгісіз жүргізуші екі баланы көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған. 8 және 9 жастағы оқушылар алған жарақатымен жансақтау бөлімінде жатыр.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «ВАЗ-2121» маркалы автокөлігі мен 48 жастағы жүргізуші ұсталған.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.