Ақтөбеде екі кісіні өлтірді деген күдікпен үш адам елордада ұсталды

Күдіктілерді Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 Қазан 2022 2022, 15:44
АВТОР
 29 Қазан 2022 2022, 15:44
29 Қазан 2022 2022, 15:44
1179

Күдіктілерді Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ  ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қазан күні Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласынан үш күдіктіні ұстады.

Ер адамдар Ақтөбеде екі кісіні өлтіргені үшін қылмыстық қудалаудан елордада жасырынып жүрген.

Ұсталғандар іздестіру бастамашыларына тапсырылады. Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам ұсталды.

Наверх