Ақтөбеде егін алқабы 10% артты

15 Сәуір 2019, 18:36
3357
Бөлісу:
Ақтөбеде егін алқабы 10% артты

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында сәуірдің аяғында көктемгі егін науқаны басталады. Ақтөбелік шаруалар іске кірісуге дайын отыр. Биыл өңірде 805 мың гектар алқапқа егін егіледі.

Ақтөбедегі 800 мың гектардан астам жерге егін егіледі. Ауыл шаруашылық құрылымдары дайын. Қазір минералды тыңайтқыштар арқылы топырақты құнарландыру жұмыстарына дайындық басталды.  

«Биыл топыраққа 3 400 тонна минералды тыңайтқыш енгізіледі деп отырмыз. Тыңайтқыштарға қолжетімділіуті арттыру үшін облыста 279 мың теңге шамасында қаржы қарастырылды. Ал, егін науқанын оңтүстік аудандар бастайды. Өңірде негізінен егіншілікпен Әйтеке би, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы аудандары айналысады ғой. Ойыл мен Темір аудандары ылғал жабу жұмыстарына кірісті. Егін науқаны сәуір айының аяғы мен мамырдың басында басталады ғой. Ал, облыс бойынша 805 мың гектар жерге егін егіледі. Олардың 451 мың гектары дәнді-дақылдарға, 292 мың гектар мал азығына, 50 мың гектар майлы дақылдарға, 6,2 мың гектар картоп егуге, 4,4 мың гектар көкөніс пен 1,2 мың гектарға бақша дақылдарына арналған», - деді Диас Ерғалиев.

Былтырмен салыстырғанда биыл Ақтөбе облысындағы егін алқабы 10%-ға артты. 2018 жылы аймақта 514 мың тонна астық жиналды. Орташа өнімділік 12 центнер гектарды құраған.

«Субсидиялар бөлініп отырады. Былтыр 800 миллион теңге өсімдік шаруашылығының барлық бағдарламасы бойынша субсидия бөлінді. Ал, субсидияның бөлінуі аудандардың ауыл шаруашылық құрылымдарына байланысты. Агротехникалық жұмыстардың сапалы, дұрыс, өз уақытында жүргізілуі өнімділіктің артуына ықпал етеді. Гербициттерді сатып алып, минералды тыңайтқыштарды қолданған, жұмысты сапалы жүргізген шаруашылықтар өздерінің өтінімдеріне сәйкес субсидия алады. Дегенмен, былтыр облысқа бөлінген қаражат толық игерілді», - деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы.

Өзгелердің жаңалығы