Ақтөбеде бір үйір жылқы құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары ауыл тұрғындарының малын аман сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

 видеодан кадр 8 Наурыз 2025 2025, 06:25
8 Наурыз 2025 2025, 06:25
1068
Фото: видеодан кадр

ТЖМ құтқарушылары ауыл тұрғындарының малын аман сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағай ауылдық округінің тұрғындары ТЖМ қызметкерлеріне қалың қарға батып кеткен жылқылар табынын құтқаруға көмек сұрап жүгінген.

Құтқарушылар өтімділігі жоғары техникамен малға жол салып, оның бойымен қарлы учаскеден 20 бас жылқыны қуып шығарып, малды елді мекенге дейін айдауға көмектесті, - делінген хабарламада.

ТЖМ қысқы мал жаю кезінде ауа райы жағдайларын ескеру қажет екенін еске салады.

Наверх