Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды

25 Желтоқсан 2021, 16:14
2762
Бөлісу:
Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтарға арналған «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Темірбек Жүргенов пен Ұзақбай Құлымбетовтің туыстары, қоғам қайраткерлері мен өңірдің ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды

Айта кетейік, кешеннің ашылуына «Алаш ұраны» гимні орындалып, «Алаш» партиясының туы көтерілді.

Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды

«Ең қилы кезеңдерде халқымыздың жігері жасып, қайраты қайтқан жоқ. Азаттық жолында құрбан болған асыл азаматтардың ерлігі арқасында Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сөйтіп тарихтың көлеңкелі тұстарын қайта зерделеп, жоғалған рухани құндылықтарды қалпына келтіруді қолға алдық. Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздік үшін күрескен азаматтарды ұлықтап, олардың тауқыметке толы тағдырынан тағылым алуға тиіс. Тарихтан тағылым алмағандар үшін қасырет әрдайым қайталанады. Бүгінгі «Азаттықтың ақ таңы» тарихи кешені Тәуелсіздік жолында күрескен Алаш қайраткерлеріне, олардың мұрасына деген адалдығымызды аңғарту мақсатында ашылып отыр! Сан ғасырлар армандаған тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізген бүгінгі ұрпақ бабалар рухына бас иіп, тағзым етеді. Тарихи жадымызды жаңғыртуға бағытталған ісіміз оңынан болсын!», - деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды

Мемориалдық кешенге «Алаш» партиясының Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жаханшы Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Телжан Шонанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды белгілі қайраткерлерінің барельефті бейнелері бар.

Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды

Әлия Молдағұлова мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында орналасқан рельефті композицияның биіктігі 5 метр, ал ұзындығы 7 метр.
Жоба авторы – мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды
Өзгелердің жаңалығы