Ақтөбеде астық жинау науқаны аяқталуға жақын

Бөлісу:
Ақтөбеде астық жинау науқаны аяқталуға жақын
Фото: Ақорда

Ақтөбе облысында егін алқабының 95 пайызға жуығы орылды. Орташа есеппен гектарынан 13,6 центнер астық жиналды.

Ақтөбе облысында егін жинау науқаны бірер күнде аяқталады. Қазірде 408,3 мың гектар алқап немесе жоспарланған көлемнің 94,5% жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, дәнді дақылдарға 432,2 мың гектар жер бөлінген. Оның 408,3 мың гектардан орташа есеппен 13,6 центнер астық жинады.

Айта кетейік, өңірде жалпы сыйымдылығы 685,1 мың тонна болатын жеті элеватор жұмыс істейді. Қазіргі уақытта элеваторларда 148,4 мың тонна астық сақталулы тұр. Сондай-ақ таяуда 123,2 мың тонна дақыл түсті.

Біздің міндетіміз — күзгі далалық науқанды сәтті аяқтау. Майлы дақылдарды жинау басталды. Қазірдің өзінде 8,2 мың гектар алқап жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 9,6 центнер болған кезде 7,9 мың тонна өнім алынды. Сондай-ақ, 2,9 мың гектар жерден 49,7 мың тонна картоп, 2,4 мың гектар жерден 43,2 мың тонна көкөніс жиналды. Қолайлы ауа райы жағдайлары мен топырақтағы ылғалдың оңтайлы мөлшері 2023 жылғы деңгейден жоғары өнім алуға мүмкіндік берді, - деп атап өтті Құсайын Сәрсембай.

Егін жинауға 1,5 мың трактор, 700-ге жуық комбайн, 800-ге жуық трактор тіркемесі және 500 жүк көлігі жұмылдырылды. Күзгі дала жұмыстарына 7,4 мың тонна дизель отыны бөлінді.

 

Өзгелердің жаңалығы