Ақтөбеде әскери қызметкер әріптесін атып өлтірді

4 Желтоқсан 2023, 15:35
1316
Бөлісу:
Ақтөбеде әскери қызметкер әріптесін атып өлтірді
Фото: BAQ.KZ - архив

Ақтөбе облысының шекара заставасында әскери қызметкер қызметтесін атып тастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлім етті.

Қайғылы оқиға 2 желтоқсан күні ҚР ҰҚҚ Ақтөбе облысы шекара қызметінің департаменті "Қиялы" шекара заставасында болған.

Келісімшарт бойынша жұмыс істеген әскери қызметкер сөзге келіп қалып, өзіне берілген қарудан қызметтесіне (ред. - келісімшарт бойынша жұмыс істеген) оқ атқан. Салдарынан жараланған әскери жедел медициналық жәрдем көлігінде қайтыс болды, - делінген хабарламада. 

Осы қылмысқа қатысты ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Қазір әскери қызметкер ұсталды. Жақында оған қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылады.

Өзгелердің жаңалығы