"Вакула" деп аталатын арпаның жаңа сұрпын Ресейдің Орынбор облысынан әкелген, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа сұрып Қарғалы ауданындағы "Успех" шаруа қожалығында 300 гектар алқапқа егілді. Жиналған өнімді мал азығы ретінде өткізу жоспарлануда
Шаруа қожалығының басшысы Сергей Семенцульдің айтуынша, шаруашылық тары өсіруге де ден қойған. 1500 гектар алқапқа өнімділігі жоғары "Веселая 6" сұрпы егілді.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов дәнді дақылдар алқабын аралап көрді. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы биылғы жылды Халықаралық тары жылы деп жариялағанын еске салды.
Сондай-ақ аймақ басшысы картоп өсірумен айналысатын "Әлем" шаруа қожалығының, майлы және дәнді дақылдар өсірумен айналысатын "Дилэнд" және "Велиховка" ЖШС-нің тыныс-тіршілігімен танысты.
Жалпы Қарғалы ауданында биылғы жылы егіс көлемі 155,6 мың гектар болса, оның 117 мың гектарына дәнді дақылдар егілді. Бүгінгі таңда дәнді дақылдарға бөлінген 41 гектар алқаптан өнім жиналды. Орташа түсім гектарына 11 центнерді құрайды.
Егін жинау науқаны әдеттегідей жалғасып жатыр.