Ақтөбеде анасы мен баласын өлтіріп, қызын жарақаттаған күдікті ұсталды

11 Сәуір 2023, 11:50
716
Бөлісу:
Ақтөбеде анасы мен баласын өлтіріп, қызын жарақаттаған күдікті ұсталды
Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе қаласын шулатқан қайғылы оқиға 29 наурызда болды. Салдарынан бүтін бір отбасыдан тек 13 жастағы қыз ғана аман қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

29 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылды. Ал оның 13 жасар қызы Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне ауыр жарақаттармен жатқызылды. 

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментін үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды.

 Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жиналған дәлелдемелерден кейін қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті қамауға алдынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат таратылуға жатпайды, - деді Ақтөбе облысы ПД КПБ бастығы Мұрат Ауғалиев.

Өзгелердің жаңалығы