Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы әуежайынан әуекемелердің ұшып шығуы мен ұшып келуі уақытша шектелді. Өйткені әуежай маңын су басқан, - деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
"Ұшу-қону жолағын тазарту жұмыстарын жүргізуге байланысты әуежай таңғы сағат 06:30-дан 17:00-ге дейін жабылады", - делінген хабарламада.
Әуежайдың жабылуына байланысты келесі рейстер кешіктірілді:
SCAT/Dv496/ Ыстамбұл – Ақтөбе;
SCAT/DV1722/ Ақтөбе – Астана;
FLYARYSTAN/Kc7191/ Алматы – Ақтөбе;
FLYARYSTAN/Kc7192/ Ақтөбе – Алматы;
QAZAQ AIR/Iq399/ Астана – Ақтөбе;
QAZAQ AIR/Iq395/ Ақтөбе – Атырау;
Qazaq AIR/Iq396 Атырау – Ақтөбе;
QAZAQ AIR/Iq400 Ақтөбе – Астана;
AIR ASTANA/Kc863/ Алматы – Ақтөбе;
AIR ASTANA/Kc864/ Ақтөбе – Алматы;
SCAT / DV5263 / Шарм-Эш-Шейх-Ақтөбе;
SCAT/DV5264 / Ақтөбе-Шарм-Эш-Шейх;
SCAT/Dv721/ Астана – Ақтөбе;
SCAT / Dv722 / Ақтөбе – Астана.
Айта кетейік, рейстер кестесі туралы ақпаратты білу үшін әуежайдың немесе әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтеріне хабарласу қажет.