Ақтөбеде ағза донорлығы және трансплантаттау мәселелері талқыланды

14 Маусым 2023, 19:55
523
Бөлісу:
Ақтөбеде ағза донорлығы  және трансплантаттау  мәселелері талқыланды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

21 маусымда Ақтөбе қаласында Батыс Қазақстан медицина университеті КеАҚ-да "Ағза донорлығы және трансплантаттаудың өзекті мәселелері" тақырыбында конференция өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны ҚР ДСМ трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық ұйымдастырады.

Конференцияның бағдарламасында трансплантология саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандардың, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің сөз сөйлеуі, сондай-ақ ағзаларды трансплантаттаудан кейінгі адамдар мен диализдегі пациенттердің арасындағы республикалық спорттық жарыстардың ашылу салтанатына қатысу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы