Ақтөбе облысында Мәртөк ауылында 54 отбасы жаңа қонысқа кіріп, баспаналарының кілтін алды. Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына сапары аясында жаңа баспана иелеріне құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баспана алған отбасылардың бірі – Өзбекстаннан көшіп келген қандас Кәмшат Кукамбаеваның отбасы. Олар бірнеше жыл Достық ауылында тұрған. 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы баспана кезегін 3 жылдай күткен.
Біздің үй кең, жарық және жылы. Отбасымыз үлкен, бөлме жеткілікті. Баспана алғанымызға өте ризамыз. Бұл біз үшін үлкен көмек, - деді Кәмшат Кукамбаева.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша біз мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Бүгін Сіз көптен күткен баспанаға қол жеткіздіңіз және бұл мемлекеттің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Біз кезекте тұрған әрбір адамның жайлы өмір сүруіне жағдай істейміз. Сіздерге жаңа үйлеріңізде қуаныш көп болсын, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді әкім.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Ақтөбеде 50-ден астам отбасы баспаналы болды

-
1Трамптың соңғы ұсынысы: Қырым – Ресейге, Киевке – үміт15682Геннадий Шиповских: Жетім балаларды асырап алуда кедергі көп10783"Беташар" халықаралық деңгейде танылды10454“Тек оң нәтижені айтасыздар”. Бектенов QazaqGaz басшысына ескерту жасады10255Ғалымдар семіздіктің жасырын себебін анықтады963