Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап, қаза болды, - деп хабарлайды BAQ.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, бала небәрі 12-15 сантиметр тереңдіктегі суға құлап, тұншығып қалған. Оқиға Байғанин ауданындағы Ебейті ауылында 23 наурызда күндіз болған.
Аудан әкімдігі мәліметінше, еріген қар суы маңында екі бала ойнап жүрген. Судың тереңдігі небәрі 12-15 сантиметр болған, оған 4 жасар бала құлап, тұншығып қалған. Оны құтқару мүмкін болмаған.
Оның жанында тағы бір бала болған, ол аман-есен екені айтылды.