Ақтөбе облысы Ойыл ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарды үймен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аудан орталығында үйлердің кілттері табысталды. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев тұрғындарды көптен күткен қуанышты сәтпен құттықтады.
Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында жаңа жылда жаңа баспанаға ие болып отырсыздар. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Баршаңызға жаңа үйлеріңіз құтты болсын, - деді аудан әкімі.
Әлеуметтік қолдау нәтижесінде 33 отбасы жаңа қоныстың иесі атанып отыр.
Пәтерлер аудан бойынша тұрғын үй алу үшін тіркелген азаматтарға, көп балалы аналарға табысталды.
Тұрғындар мемлекет тарапынан жасалған бұл игі іске ризашылықтарын білдірді.
Осы 2025 жаңа жыл қарсаңында өте үлкен қуанышқа ие болдық. Ұлым Бауыржан мен келінім Гүлшара өзінің кезектері бойынша үйлі болып отыр. Іші өте жылы, жайлы, жарық. Облыс және аудан басшыларына үлкен рақмет айтамыз, - деді Роза Дәулетқалиева.
Бұл бастама – тұрғындардың әлеуметтік жағдайын нығайтып, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.