Ақтөбеде прокурорлар кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының прокуратурасы талдау нәтижеcі бойынша Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен ағымдағы жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар қойып, олар шоттарын бұғаттауға әкеп соққанын анықтады.
Тиісінше олар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізді. Қойылған хабарламалардың заңдылығын зерделеумен прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді.
Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды, ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті.
Осылайша, прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды. Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасуда.