Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбеде 155 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны жойылды

Бүгiн, 13:50
208
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

2025 жылы жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде Ақтөбе облысының аумағында 155 рұқсат етілмеген қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Анықталған заңсыз қоқыс орындарының 142-сі жойылып, бұл бағыттағы жұмыс тиімділігінің жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын көрсетті.

Экология департаментінің мәліметінше, облыс аудандары бойынша жою көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Атап айтқанда, Алға, Мәртөк, Хромтау және Қарғалы аудандарында анықталған барлық заңсыз полигондар толықтай жойылды. Ақтөбе қаласы бойынша Астана ауданында 82%, Алматы ауданында 88% көрсеткішке қол жеткізілді, ал Мұғалжар ауданында жою деңгейі 83%-ды құрады.

Аталған фактілер бойынша жергілікті атқарушы органдарға дала қоқыстарын жою және экологиялық ахуалды жақсарту жөнінде тиісті шаралар қабылдау туралы ресми хаттар жолданды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасып, ғарыштық мониторинг экологиялық бақылаудың тиімді құралы ретінде кеңінен қолданылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы