Ақтөбеде 113 рет заң бұзған жүргізуші ұсталды

20 Ақпан 2025, 18:13
223
Бөлісу:
Ақтөбеде 113 рет заң бұзған жүргізуші ұсталды
Фото: BAQ.KZ polisia.kz

Ақтөбеде транзиттік нөмірдегі автокөліктің иесі екі ай ішінде 100-ден аса заң бұзған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, заң бұзған жүргізушіні полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде ұстаған.

Автокөлік иесі "Автоураган-МС" көпфункционалды мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен анықталды. Аталған азамат жыл басынан бері 113 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Оның көлігі - Subaru маркалы автокөлігі. Қазір көлік коммуналдық тұраққа қойылды, - дейді Е.Сарқұлов.

Оның айтуынша, автокөлік иесі жылдамдықты асырудың салдарынан өрескел заң бұзып отыр. Оған ереже бұзғаны үшін 3 млн 243 мың теңгеге ұйғарым берілген.

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасының осындай жол ережесін бұзған, жол қауіпсіздігін сақтамаған, куәлігінен айырылған, сондай-ақ алиментін төлемей жүрген көлік жүргізушілерін анықтауда маңызы зор. Биыл бұл бағытта облыс бойынша 15 "Автоураган-МС" көпфункционалды мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істеуде, - дейді Е.Сарқұлов.

Айта кету керек, былтыр Ақтөбе облысында "Автоураган" жүйесінің көмегімен 50 мыңнан астам заң бұзушылықтың жолын кесілді.

Өзгелердің жаңалығы