Ақтөбе тұрғынынан қару-жарақ тәркіленді

17 Желтоқсан 2022, 14:59
1083
Бөлісу:
Ақтөбе тұрғынынан қару-жарақ тәркіленді
PHOTO
Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Polisia.kz телеграмм каналында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылдың 15 желтоқсанында сағат шамамен 20:00 Ақтөбе облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында өткізіліп жатқан Республикалық «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ негізінде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болатын және деструктивті діни ағымды ұстанушы Алға ауданының тұрғынынан мекен-жайы бойынша тінту шараларын жүрізу барысында «Макаров» тапаншасы, 12 калибрлі «Mossberg» маркалы аңшы мылтығы, 9 калибрлі 38 дана тапанша оқтары, 12 калибрлі 19 дана оқ дәрілер, аңшы пышағы, оқ салғыш белдігі және 18 дана діни әдебиеттер тәркіленді. Аталған дерек Алға ауданы ПБ ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп басталды. 

Ақтөбе тұрғынынан қару-жарақ тәркіленді

Жинақталған дәлелдемелер негізінде Алға ауданы тұрғынының қылмыстық іс-әрекеті әшкереленіп ҚР ҚПК 128 бабы тәртібінде Алға ауданы ПБ УҰИ қамалды. 

Өзгелердің жаңалығы