Ақтөбе прокурорлары үлескерлерден заңсыз ақша тартуды тоқтатты

Бүгiн, 19:35
143
Бөлісу:
Ақтөбе прокурорлары үлескерлерден заңсыз ақша тартуды тоқтатты
Фото: BAQ.KZ -архив

Еліміздің заңнамасында тұрғын үй кешендерін салуға үлескерлердің қаражатын тарту тәртібі нақты белгіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Алайда, кейбір жосықсыз құрылысшылар түрлі тетіктерді пайдаланып, азаматтарды адастырып, олармен алдын ала сатып алу-сату шартын жасаса да, іс жүзінде оларды үлескер ретінде тартады.

Кейін олар құрылыс мерзімін кешіктіріп, тұрғындардың негізді наразылығын тудыруда.

Осылайша, Ақтөбе облысының прокуратурасымен қабылданған шаралармен «Алаш Орда-1» тұрғын үй кешені мен «AviatorPremium» тұрғын үй кешенінің құрылыс салушысына алаяқтық жасап, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 200-ден астам үлескерлердің 1,8 млрд теңгеден астам сомаға қаражат тартқан (үкім заңды күшіне енген жоқ).

Сондай-ақ, қазіргі таңда 7 проблемалық үйдің 2 құрылыс салушысына қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда.

Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында құрылыс салушылар тарапынан азаматтардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және алдын алу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Үлескерлерден ақша тартуға рұқсатсыз пәтерлерді сатқаны үшін ӘҚБтК-нің 320-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 8 жосықсыз құрылыс салушы үлескерлерден ақша тартуға рұқсатсыз пәтерлерді сатқаны үшін 6 млн теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, Ақтөбе облысының прокуратурасы үлестік құрылыс нарығында азаматтардың құқықтарының сақталуын және олардың өз пәтерлерін уақытылы алу құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз етеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы