Ақтөбе облысының прокуроры инвестициялық нысандарға барды

Кеше, 17:08
208
Бөлісу:
Ақтөбе облысының прокуроры инвестициялық нысандарға барды
PHOTO
Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Облыс прокуроры Марат Әбішев "Заң және Тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласының индустриалдық аймағында түрлі жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге облыс әкімдігінің, кәсіпкерлер палатасы, әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері, сондай-ақ облыстық прокуратура қызметкерлері қатысты.

Ақтөбе облысының прокуроры инвестициялық нысандарға барды

Кездесудің мақсаты - инвесторлардың проблемалық мәселелерін талқылау.

Облыс прокуроры индустриалдық аймақта орналасқан "Зерде-Керамика Актобе" ЖШС-нің керамикалық плитка мен гранит өндіру жұмыстарымен танысты.

Ақтөбе облысының прокуроры инвестициялық нысандарға барды

Сол жерде Ақтөбе қаласының индустриалдық аймағында орналасқан ( ТОО "Darmen Shuak", ТОО "Актобе Хюмик", ТОО "Lucrum Stars", ТОО "Гигант КЗ" және т.б.) кәсіпорын басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында инвесторлардың проблемалық сұрақтары және тоқтап тұрған кәсіпорындардың мәселесі талқыланды.

Ақтөбе облысының прокуроры инвестициялық нысандарға барды

Кездесу қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы прокуратура органдарына жаңа тарихи міндет жүктеді – бұл инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және қорғау,- деді сөзінде облыс прокуроры Марат Әбішев.

А.ж. қаңтар айынан бастап, заңнамалық түзетулер күшіне енгенін, енді инвесторларға қатысты шешімдерді міндетті түрде "Прокурорлық сүзгі" арқылы прокурорлармен келісуді қамтамасыз ету керектігін еске салды.

Ақтөбе облысының прокуроры инвестициялық нысандарға барды

Бүгінгі күні облыс аумағында өңірлік 128 жоба жəне жалпыұлттық пулға кірген 24 жоба жүзеге асырылуда.

Инвесторлардың құқықтарын жан-жақты қорғау жұмыстары жалғасуда және прокуратураның ерекше бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы