Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

8 Ақпан 2024, 14:28
3415
Бөлісу:
Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің басшылары, қала әкімі қатысты, 12 ауданның әкімдері бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы онлайн қосылды.

Отырыста ауа райының қолайсыздығынан туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Қазіргі уақытта облыс аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталып отыр. Жиын қорытындысы бойынша бүгінгі күні күрделі жағдай байқалып отырған Хромтау және Әйтеке би аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Екі ауданның әкімдіктері тиісті құжаттарды әзірлеп, жария ету тиіс.

Өзгелердің жаңалығы