Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті субъектілердің «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағы 15) тармақшасының талаптарын сақтамағанын анықтады.
Бұл туралы Энергетика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Осылайша, Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің 2021 сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерінің негізсіз кіріс сомасы қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, 22 800 319 теңгені құрады.
Осыған байланысты, тұтынушыларға келтірілген шығындарды өтеу мақсатында Ақтөбе облысының жекелеген аудандарындағы субъектілер үшін уақытша өтемдік тариф былайша бекітілді:
- Байғанин ауданында «Байғанин» КМК үшін сумен жабдықтау қызметі бойынша негізсіз табыс сомасы - 1 880 430 теңгені құрады, тариф ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін 98,62 теңгені құрады, төмендеу 8,8% құрады;
- Әйтеке би ауданында «Қайнар» КМК үшін сумен жабдықтау қызметі бойынша негізсіз табыс сомасы - 923 695 теңгені құрады, тариф ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін 139,05 теңгені құрады, төмендеу 1,58% құрады;
- Ырғыз ауданында «Су шаруашылығы» КМК үшін сумен жабдықтау қызметі бойынша негізсіз табыс сомасы - 2 783 561 теңгені құрады, тариф ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін 107,59 теңгені құрады, төмендеу 15,1% құрады;
- Әйтеке би ауданында «Қарабұтақ Су» КМК үшін сумен жабдықтау қызметі бойынша негізсіз табыс сомасы - 11 030 685 теңгені құрады, тариф ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін 65,97 теңгені құрады, төмендеу 38,2% құрады;
- Қарғалы ауданында «Бадамша – Сервис» КМК үшін сумен жабдықтау қызметі бойынша негізсіз табыс сомасы - 1 890 927 теңгені құрады, тариф ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін 108,80 теңгені құрады, төмендеу 4,7% құрады, сондай-ақ жылумен жабдықтау қызметі бойынша негізсіз табыс сомасы - 1 760 815 теңгені құрады, тариф ҚҚС-сыз 2 476,67 теңгені құрады 1 Гкал үшін, төмендеу 3,6% құрады;
- Хромтау ауданында «Хромтау су 2010» КМК үшін сумен жабдықтау қызметі бойынша негізсіз табыс сомасы - 2 530 206 теңгені құрады, тариф ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін 150,01 теңгені құрады, төмендеу 10,9% құрады.
Департамент шығарған бұйрықтар 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 1 жыл мерзімге қолданысқа енгізіледі.