ТЖМ құтқарушылары Ырғыз ауданындағы Ырғыз, Құйылыс, Мамыр және Жайсанбай елді мекендерінде тасқын судың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Кеше осы мақсатта келесі шаралар атқарылды:
Ұзындығы 60 метр уақытша бөгет тұрғызылды;
3100 дана қапшық төселді;
80 тонна инертті материал төселді;
Еріген қар суының кедергісіз өтуі үшін 838 м арықтар тазартылды.
Барлық жұмыстар су тасқынының салдарын барынша азайтуға және елді мекендерді қорғауға бағытталған. Құтқарушылар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.