Ақтөбе облысындағы 40 бөгеттің жағдайы нашар

27 Қаңтар 2025, 16:07
279
Бөлісу:
Ақтөбе облысындағы 40 бөгеттің жағдайы нашар
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ақтөбе облысында мамандар 40 бөгеттің жағдайын "қанағаттанарлықсыз" деп бағалап отыр, оның 15-і — былтыр су тасқыны кезінде бұзылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Бақыткелді айтып берді. 

 Бүгінде облысымызда 206 гидротехникалық құрылыс болса, оның 10-ы — республикалық,174-і — коммуналдық, 22-сі — жеке меншік. Былтыр Алға ауданындағы Шолақ және Мәртөк ауданындағы Мәртөк бөгетіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Биыл 2025-2027 жылдарға арналған гидротехникалық құрылыстарға көпфакторлы зерттеуді талап ететін 17 нысанның тізімі бекітіліп, қаражат бөлу мәселесі пысықталуда. Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылғыларға қызмет көрсету мекемесі мамандары былтыр маусым айынан бастап жыл аяғына дейін тексерулер жүргізді. Нәтижесінде өңірдегі 40 бөгеттің жағдайын «қанағаттанарлықсыз» деп таныды. Оның ішінде 15 бөгет былтыр көктемде болған су тасқыны кезеңінде бұзылған. Қазіргі таңда бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - дейді ол.

Оның айтуынша, республикалық қор есебінен бұл мақсатқа 3 971,4 млн теңге бөлінген.

Облыста 2024-2028 жылдарға арналған су саласын дамытудың кешенді жоспары жобасы аясында су қоймаларын, лиманды суару жүйелерін реконстуркциялау, өзен арнасын тазарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді сумен қамтамасыз ету үшін 4 су қоймасы салынатын болды. 

Атап айтсақ, Ақтөбе қаласы аумағындағы Жаман Қарғалы өзені арнасына — Өлке, Мұғалжар ауданы Елек өзені бассейніне — Жарық, Хромтау ауданы Ор өзені бассейніне — Жамбыл, Қобда ауданы Қобда өзені бассейніне Әлия су қоймасын салу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы