Ақтөбе облысында жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

19 Ақпан 2022, 19:49
1313
Бөлісу:
Ақтөбе облысында жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылсай теміржол өткелін басып өтетін облыстық маңыздағы Қарабұтақ-Қостанай тас жолында жол апаты орын алды.

МАN TGA ауыр жүк көлігінің 57 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзып, пойызға жол бермей, жүк тиеген тепловозбен соқтығысты, – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Мой город" порталының хабарлауынша, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Өзгелердің жаңалығы