Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

24 Қараша 2024, 11:49
664
Бөлісу:

Ақтөбе облысында "Солтүстік айналма жол" автожолында Chevrolet автокөлігі мен MAN жүк автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірдегі полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан Chevrolet жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқарып жатыр.

Полиция департаменті тұрғындарға жол ережелерін қатаң сақтауға үндеді.

 

Өзгелердің жаңалығы