Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе - Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.
Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алды.