Ақтөбе облысының Алға ауданында Ақай ауылынан "Алакозы" шаруа қожалығына қарай қарда жүретін көлікпен шығып, байланысқа шықпай қалған 1978 жылы туған ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Іздеуге құтқарушылар, кинологиялық жасақ, ұшқышсыз ұшу аппараты, полиция қызметкерлері, туыстары тартылды. Олар жету қиын жерлерді қоса алғанда, кең аумақты тексерді.
Іздестіру тобы Ақшоқы қыстағында жоғалған адамды тауып алып, жедел түрде Сарықобда ауылына жеткізілді. Оған медициналық көмекке қажет болмады.