Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Шетырғыз ауылдық округі аумағында, Қаратоғай ауылы маңында 1983 ж.т. малшының жоғалып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген. Бүгін жоғалған азамат аман табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Азамат шаруа қожалығының аумағынан жаяу шығып, Шалқар қаласы бағытына бет алғаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Онымен мобильді байланыс болмады. Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, ПД күштері мен құралдары, Ауыл құтқарушылары мен шаруа қожалығының қызметкерлері тартылды. Бүгін таңертең жоғалған азамат іздестіру тобы арқылы Сарысоқы ауылынан 2 шақырым қашықтықта табылды. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында мал іздеуге шыққан ер адамның денесі табылғанын хабарладық.