Темір ауданында Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш шетел азаматы зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
28 ақпан күні сағат 19:00 шамасында Chevrolet Cobalt пен Volkswagen маркалы көліктер қатты соқтығысқан. Соның салдарынан автомобильдің бірі бірнеше бөлікке бөлініп қалған. Жол апаты салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары, — делінген материалда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың барлығында көптеген дене жарақаты; жабық бас-ми жарақаты бар. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.