Ақтөбе облысындағы әскери бөлімде әскери қызметшісі-сарбаз көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметіндегі мерзімді қызметтің әскери қызметшісі өзіне қару жұмсап, көз жұмды, - делінген хабарлама.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.