Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбе облысында құтқарушылар 16 үйді өрттен аман сақтап қалды

20 Тамыз 2025, 06:35
642
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы Қобда ауданына қарасты Әлия ауылында ірі өрт шықты. 8 жеке тұрғын үйдің аумағындағы шөп пен шаруашылық құрылыстар жанып, өрттің жалпы аумағы 1100 шаршы метрді қамтыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл құтқарушыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында тілсіз жаудың тұрғын үйлерге таралуына жол берілмей, 16 үй аман қалды. Оқиғада зардап шеккендер жоқ.

Өртті толық сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті, 20982 әскери бөлімі және 4 өрт сөндіру бекетінен 188 адам мен 25 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы