Ақтөбе облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бірқатар шаралар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Бірлік пен келісімге 30 жыл» республикалық конференциясы аясында ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын, Ақсақалдар және Аналар кеңесін, этномедиацияны дамытудың негізгі аспектілері, сондай-ақ жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жастар бастамалары талқыланды.
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және Ақтөбе облысыныңәкімі Асхат Шахаров Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдығының маңыздылығын атап өтіп, атаулы датаға орайластырылған іс-шараларды сапалы өткізудің, әсіресе XXXIV сессиясы мен ҚХА өңірлік сессияларына дайындықтың маңыздылығын атап өтті.
Конференция барысында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы, ҚР МАМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова Ассамблея қызметінің ғылыми-әдістемелік базасы туралы айтты.
Этномедиация кеңесінің төрағаорынбасары, «Парасат» медиацияжәне құқық орталығының басшысы Гүлмайдан Урозбаева «Этносаралық ерекшеліктержәне медиация» мамандандырылған курсын таныстырды.
2025 жылғы 19-21 ақпанаралығында Ақтөбе қаласында этномедиация саласындағы біліммен дағдыларды жетілдіруге бағытталған семинар-тренинг жоспарланған.
Шаралар аясында Ақтөбе облыстық Ассамблея жастары өкілдігінің жастарға арналған коворкинг орталығы ашылды. Конференцияға қатысушылар өңірдегі ҚХА жастарқанатының қызметімен танысты.
Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақтөбе облысындағы іс-шаралары жалпыұлттық бірлікпен этносаралықкелісім құндылықтарын ілгерілетудегі маңызды қадамболып отыр.