Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында үш адам суға кетті. Оның екеуі бір үйдің баласы.
Бұл туралы Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын ауданының көпірі маңында бір адам суға кеткен.
Мәлім болғандай, 18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды.
Сонымен қатар кешкі сағат 19:30-да сол маңында 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кетті.
Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі бір отбасының баласы, - делінген хабарламада.