Ақтөбе облысында бір ауылдың халқы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр

Бүгiн, 20:21
154
Бөлісу:
Ақтөбе облысында бір ауылдың халқы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр
Фото: BAQ.KZ

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тікқайың ауылының тұрғындары көп жылдан бері сапалы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Ауыл тұрғындарының айтуынша, елді мекенде ауызсу құбырын жүргізу жұмыстары 2023 жылы басталған. Алайда әлі күнге дейін бұл бағыттағы жұмыстар аяқталмаған. Жоспарға сәйкес, су құбырын тарту жұмыстары 2023 жылдың соңында аяқталуы керек болатын.

Қазір әр үй өз ауласынан қазылған ұңғымадан су ішіп отыр. Биыл таза ауызсуға қол жеткізсек жақсы болар еді. Осы жұмыстарды аудан әкімдігі назарға алса екен, - дейді ауыл тұрғындары.

Алға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Пірімжановтың айтуынша, аталған жобаға бюджеттен 419 млн теңге бөлінген. Мердігер ұйым – "Life Stroy Invest" ЖШС. Аталған мекеменің басшысы келісімшарт жасалған уақытта басқа адам болған. Қазір мердігер ұйым басшысы өзгерген.

Бүгінге дейін жобаға бөлінген қаржының 404 миллион теңгесі игерілді. Өткен жылдың басынан бері аталған мердігер ұйым өзіне жүктелген жұмысын орындамай келеді. Қазір су құбырын тарту жұмыстарының шамамен 80 пайызы бітіп тұр. Былтыр облыстық ауданаралық экономикалық сот аталған мердігер ұйымға қатысты материалды қарап, бұл компанияны мемлекеттік сатып алу саласында жосықсыз деп тану жөнінде шешім шығарды. Сондай-ақ сот құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды талап етті. Алайда сот талабын аталған мердігер әлі күнге дейін орындамады, - дейді бөлім басшысы.

Оның айтуынша, "Life Stroy Invest" ЖШС директоры ауысқаннан кейін жобаны жүзеге асыруда бірқатар қиындықтар болған. Дегенмен жауапты мекеме биылғы жылдың сәуір айына дейін қалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауға уәде берген. 

Өзгелердің жаңалығы