Ақтөбе облысында бағаны тұрақтандыру жұмыстары күшейтіледі

27 Сәуір 2022, 12:44
1087
Бөлісу:
Ақтөбе облысында бағаны тұрақтандыру жұмыстары күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс күшейтіледі.

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тиісті тапсырманы облыс әкімі Оңдасын Оразалин 26 сәуірде облыс әкімдігінде өткен жиналыста берді.

Бағаны тұрақтандырудың барлық тетіктері толық көлемде іске асырылуы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі.

Жиналыс барысында сондай-ақ өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері қаралды. Өңірде алдын алу іс-шаралары қолға алынды. Өртке қарсы қызмет мамандары шаруа қожалықтарын аралап, қызметкерлер мен басшыларға нұсқау беріп, алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын тексеруде, арнайы жадынамалар таратуда. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес өрт сөндіру бекеттері мен өртке қарсы ерікті құралымдарды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Сонымен қатар, облыс әкімі бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Қазіргі уақытта құрылыс, бөлшек және көтерме тауар айналымы салаларында төмендеу байқалады.

Өзгелердің жаңалығы