Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды: күдікті "әке" қамауға алынды

14 Қазан 2025, 18:26
1114
Бөлісу:
 архив/ Бауыржан Жуасбаев
VIDEO
Фото: архив/ Бауыржан Жуасбаев

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы сәби дүниеге әкелді. Полиция күдіктіні анықтап, қамауға алды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, бала әкесіне қатысты күдікті тұлға анықталып, қамауға алынған.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері кешенді тергеу және іс жүргізу шараларын атқарып жатыр. Істің тергелу барысы департамент басшылығының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы