Ақтөбе облысында 8 мыңға жуық волонтер көмектесіп жүр

9 Сәуір 2024, 13:45
410
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 8  мыңға жуық волонтер көмектесіп жүр
Фото: Скрин

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында үш ірі су қоймасының деңгейі қалыпты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жайлы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Соңғы екі-үш күндікте Қарғалы су қоймасында жауын-шашынның әсерінен судың деңгейі көтерілген болатын. Кеше біз Қарғалы қоймасын толық аралап шықтық. Судың деңгейінің түсуі байқалады. Күні кеше сағат таңғы 08-00 де су деңгейі келісі шығысы секундына 350 текше метр болды. Соңдай-ақ, күндіз 15.00 ге 300, ал 18-00 де 200 , бүгін таңғы 04-00 де 100 текше метрге дейін азайды. Қазіргі сәтте секундына 100 текше метр су транзиттік режимде жіберіліп отыр. 2 сағат сайын қоймадағы су деңгейі тексерілуде,- деді Асылбек Есенбаев.

Асылбек Есенбаев облыстағы негізгі жағдайларға тоқталды.

Жалпы осы уақытта су тасқынына қатысты жағдай облысымызда тұрақты деңгейде. Облыс әкімінің төрағалығымен Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда. Ахуалды толығымен бақылап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай 6 ауданда (Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл, Ырғыз) және Ақтөбе қаласында жарияланды,- деді Асылбек Есенбаев.

Оның айтуынша ең бірінші тұрғындарды электро-энергиямен қамтамасыз ету бағыты бойынша жұмыстар атқарылады.

Қазіргі таңда облыстағы 27 елді мекенде 695 абонент тұрақты жарықсыз қалып отыр. Олардың 500-і тоқ беретін генератормен уақытша қамтылды. Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуі нәтижесінде облыстағы 11 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. Қалпына келтіру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізілуде. Бүгін «Алға-Қарабұлақ» бағытындағы айналма-жолы ашылды. «Алға-Бесқопа» бағытындағы қатынас қайта қалпына келтіріледі,- деді спикер.

Өңірде су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған отбасыларға бүгінгі күні 206 адамға 64 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем берілген.

Барлық аймақтарда жұмылдырылған күштер мен арнайы құралдардың саны 720 адам жеке құрам, 185 бірлік техника, 11 су қайықтары. 8 су сорғыш пайдаланылып жатыр. Су тасқыны салдарынан облыста 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 852 саяжай үйлері зақымданған,- деді Асылбек Есенбаев.

Сондай-ақ, облыста гуманитарлық көмек беру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 2 пункт құрылып, барлығы 300 тоннаға жуық (210 тонна азық-түлік, 80 тонна азық-түлік емес тауарлар, 0,2 тонна дәрі-дәрмек) тауар жиналған.

Жиналған көмектің 215 тоннасы мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 524 волонтер ат салысуда. Соңдай-ақ, бүгін түнде Қырғызстан Республикасының атынан гуманитарлық көмек келді,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Асылбек Есенбаевтың айтуынша, су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығындарды есептеу мақсатында әр ауданның жеке комиссиясы құрылып, 2652 өтініш қабылданып, бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес зардап шеккен тұрғындардың барлығына шығындарды өтеу жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы