Ақтөбе облысында 2 ауданның оқушылары емтиханнан босатылды

22 Мамыр 2024, 23:21
476
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 2 ауданның оқушылары емтиханнан босатылды
Фото: baq.kz

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен Ойыл және Ырғыз ауданында тұратын оқушылар аралық емтихан тапсырмайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1135 оқушы қорытынды аттестаттаудан да босатылады. Қазір аталған білім беру мекемелерінде сабақ онлайн өтіп жатыр. Сондай-ақ үйін су басқан отбасы балаларына қала сыртындағы лагерьге тегін жолдама беріледі. Жалпы облыс бойынша 156 мың оқушыға жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарланған. Оларды 8 сауықтыру орталығы қабылдайды. Шалғайдағы елді мекен жеткіншектеріне арналған «Талант тур» жобасы да қолға алынады.

Су тасқынынан зардап шеккен аудандардағы ауыл балаларын қалаға алып келіп, қаланың көрікті жердерін аралатып, ойын-сауық орындарында, басқа да түрлі қызықты саяхаттар ұйымдастырылатын болады. Бұл мақсатқа да жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып отыр. Және сонымен бірге «Жанды сабақтар» деп аталатын осы жазғы мезгілде жаңа жоба іске қосылады. Бес мыңға жуық баланы облыстың туристік аймақтар деп аталады, киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылатын болады, - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Өзгелердің жаңалығы