Ақтөбе облысында халықаралық маңызы бар жолдарда жол апаты қаупі жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл Ақтөбе облысының халықаралық тас жолдарында орын алған жол-көлік оқиғалары салдарынан 95 адам қаза болып, оның 15-і балалар. Оның бір себебі – жолдың нашар жағдайы.
Ақтөбе облысы прокуратурасы Көлік министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы қадағалау актісін жолдады. Қарау нәтижесінде, «Самара-Шымкент» тас жолына кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бас себепке – зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеумен байланысты.
Автомобиль тас жолдарында ұялы байланыстың жоқтығы және жол-көлік оқиғасы болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсету мүмкінсіздігі өлімге әкеліп соғады. Аталған мәселені шешу мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен арнайы комиссия құрылды, - делінген Ақтөбе облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.