Ақтөбе облысына 764 млрд теңге инвестиция тартылды

13 Желтоқсан 2024, 16:25
420
Бөлісу:
Ақтөбе облысына 764 млрд теңге инвестиция тартылды
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әкім жыл басынан бері өңір экономикасына 764 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты.

Биыл 1 мыңнан астам жұмыс орын құра отырып, 3 жоба іске қосылды. Атап айтсам, биыл “ERG” компаниясының “Болашақ” шахта құрылысының 1-кезеңі, “Ақтөбе мыс компаниясының “Авангард” кен орнын ашу, игеру” және “АҚМЭЗ” майлы дақылдарды өңдеуге арналған астық қоймасын салу” жобалары жүзеге асырылды, - деді ол ОКҚ-дағы брифингте.

Асхат Шахаровтың айтуынша, жыл соңына дейін тағы 3 жоба өз жұмысын бастайды. Темір кендерін құрғақ магнитті сепарациялау фабрикасын салу, жүк автомобильдеріне арналған қондырмалар өндірісі және қоңыр көмірден органикалық гуминді топырақ жақсартқыш өндіру цехын салу.

Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Әлия Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежай базасында жалпы ауданы 858 гектарды құрайтын Арнайы экономикалық аймақ құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Аталған аймақта кемінде 1,2 трлн. теңгеге 40-там астам жобаны жүзеге асыру жоспарда, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы