Ақтөбе облысы жол инфрақұрылымының сапасын жүйелі түрде арттыруда. Соңғы үш жылда қаржыландыру көлемі 113 млрд теңгеден асты, 565 шақырым жол жөнделді, ал жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 66%-дан 82%-ға жетті. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында айтып, жақсарту жұмыстары республикалық және ауылішілік бағыттарға да қатысты екенін атап өтті. Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.
Әкімнің айтуынша, соңғы үш жылда жол саласын қаржыландыру 100 млрд теңгеден асты.
Білесіз бе, біз соңғы үштікке кіріп отырмыз. Біздің жолдарымыздың ұзындығы 6000 шақырымнан асады. Сол себепті негізгі жүк ағындары біздің өңір арқылы өтеді. Яғни ел экономикасы жол сапасына әсер етеді және ол өңірдегі жол сапасымен тікелей байланысты, - деді Асхат Шахаров.
Ол қысқа мерзімде өңір жолдарды едәуір жақсартуға қол жеткізілгенін атап өтті.
Егер үш жыл бұрын жол 66% қанағаттанарлық жағдайда болса, биыл 82%-ға жетуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы да жүзеге асырылатын бірқатар жобалар жоспарланған, - деді әкім.
Шахаровтың айтуынша, 2024 жылы облыста 565 шақырым жолды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Биыл өз баяндамамда айтқанымдай: 500 шақырымнан астам, нақты айтқанда 565 шақырым жол жыл соңына дейін жөнделеді. Бұл жұмыстардың басым бөлігін аяқтадық. Сол себепті жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 82%-ға жетеді, - деді ол.
Әкім негізгі жобалар ретінде өңір арқылы өтетін республикалық жолдарды атады.
Бұл жобаларға республикалық жолдар да кіреді. Негізгі жол — Батыс Еуропа – Батыс Қытай трассасы, ол біздің өңір арқылы өтеді. Сонымен қатар, республикалық жолдар қатарына Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз жолы жатады. Бұл жолаушылар жиі жүретін негізгі жол, - деп нақтылады ол.
Сонымен қатар, әкім жергілікті бағыттарға, әсіресе ауылдық елді мекендерге кіретін жолдарға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
Маңыздысы - бұл ауылішілік жолдар, кіреберіс жолдар, халықтың негізгі шағымдарына қатысты мәселелер, әсіресе күзгі кезеңде жол жүру қиынға соғады. Бұл барлық мәселелерді біз біртіндеп шешіп отырмыз, - деді әкім.
Шахаров өңірде жол сапасын барынша ыңғайлы деңгейге жеткізуге арналған ұзақ мерзімді жоспар бар екенін атап өтті.