Алматы, BAQ.KZ. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен республика бойынша өткізіліп жатқан «Күшіміз бірлікте» атты қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысына қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен 481 отбасыға 3 264 252 теңгеге қамтыған 7 тонна 351 кг азық-түлік қоржындарын үлестірді.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көмек алушылардың қатарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім-жесірлер бар.
Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы шара қортындысында Діни басқарманың жұмыс бағытының бірі – қайырымдылық көрсету екенін айта келіп, игі шараға мұрындық болған қолы ашық, жомарт жандарға ризашылықтарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Сонымен қатар игі істердің жыл бойы жалғасатынын жеткізді.