Қазақстандық «Ақтөбе» Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында жарысты аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы минуттан қарсыластар бір-бірінің қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды. Десе де кейбірінде футболшылар қателікке бой алдырса, ендігі бір сәтте қақпашылар шеберлік танытты.
Екінші кезеңде де ойын барысы дәл осындай жағдайда өрбіді. Ойынның 67-минутында «Сепси» сапынан Николае Пэун мергендік танытты.
Осылайша, «Ақтөбе» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.
Алғашқы кездесуде командалардың ойыны 1:1 есебімен аяқталды.
Екі ойынның нәтижесі бойынша румыниялық клуб жолдама алды.