Ақтөбе ауруханасында медициналық пластырьдің орнына скотч пайдаланған

10 Сәуір 2023, 12:46
925
Бөлісу:
Ақтөбе ауруханасында медициналық пластырьдің орнына скотч пайдаланған
Фото: roof-tops.ru

Ақтөбедегі ауруханалардың бірінде онкологиялық дертке шалдыққан науқастарға медициналық пластырьдің орнына скотч қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Диапазонға» сілтеме жасап.

Онкология бөлімінде есепте тұрған қала тұрғындары медициналық пластырьдің жоқ екенін айтып шағымданған.

Мен онкологиялық есепте тұрамын. Қаламыздағы ауруханаға анализ тапсыруға келдім. Қолымнан қан алғаннан кейін, қарапайым медициналық пластырьдің орнына скотч жабыстырды. Бұл не деген бассыздық?!, – деген қала тұрғындарының бірі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық пластырьдің қосымша жеткізуге өтінім жібергенін атап өтті.

Наурыз айында онкопатология ағымын болжау және бақылау үшін жұмыстар жүргізілді. Осылайша, 2-ші клиникалық топтың динамикалық бақылауының бөлігі ретінде пациенттерді көбірек қамтумыз қажет болды. Инвазивті араласудың өскені байқалды. 30 наурызда медициналық пластырьдің артық тұтынылуына байланысты қосымша өтінім берілді. «СК-Фармация» ресми жеткізушісі өкілінің айтуынша, жеткізу мерзімі үш жұмыс күні, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы