Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбе – Астана бағыты бойынша қосымша пойыз қатынайды

1 Шілде 2025, 04:40
669
Бөлісу:

Ақтөбе – Астана бағытында қосымша пойыз қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» ұлттық тасымалдаушы компаниясы жазды.

Пойыз төртінші шілде мен екінші қыркүйек аралығында жүреді.

Жөнелту уақыты: Ақтөбеден – 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 шілде; 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамызда • Астанадан («Нұрлы жол» вокзалынан) – 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 шілде; 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз және бірінші қыркүйекте жолға шықпақ.

Келу уақыты: Астанаға ("Нұрлы жол" вокзалына) – 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 шілде; 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 тамызда • Ақтөбеге – 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 шілде; 2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 тамыз және екінші қыркүйекті қамтиды.

Пойыз құрамында алты купе және алты плацкарт вагоны болады.

Өзгелердің жаңалығы