8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктерде қыз-келіншектер тегін қатынайды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті деп хабарлады BAQ.KZ.
Атап айтқанда қаладағы 2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 маршруттарында жүру тегін болады, – делінген баспасөз мәліметінде.
Сондай-ақ 19 наурыз сайлау күнінде және 22 наурыз күні қалалық бағыттардағы автобустармен жүру тегін болады. Қоғамдық көлік өзінің тұрақты кестесі бойынша сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жүреді.